Войти
Авторизация:
Забыли свой пароль?

Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сату және сатып алу қағидаларын бекіту туралы


Оглавление

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 255 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 24 қыркүйекте № 7925 тіркелді

      «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сату және сатып алу тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сату және сатып алу қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұлттық валютаның банкноталары мен монеталарын сату және сатып алу ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 163 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4020 тіркелген, 2006 жыл 3 ақпанда «Заң газеті» газетінде № 18-19(825) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                   Г. Марченко

Қазақстан Республикасы 
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 тамыздағы 
№ 255 қаулысымен     
бекітілді        

Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен
монеталарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сату және сатып алу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сату және сатып алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) сату және сатып алу тәртібін айқындайды.
      2. Қағидалардың ережелері Ұлттық Банктің орталық аппаратының бөлімшелеріне, Ұлттық Банктің аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығына (филиал), жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
      3. Қағидалардың ережелері Ұлттық Банктің банкноттарды және айналыста жүретін монеталарды ұсақтау, тозған банкноттар мен ақаулы (бүлінген) монеталарды, сондай-ақ заңды төлем құралы болып табылмайтын банкноттар мен монеталарды айырбастау бойынша операциялар жүргізуіне байланысты қатынастарға қолданылмайды.

2. Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      4. Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
      1) айналыстағы монеталар – бағалы емес металдардан жасалған және қолма-қол ақша айналысына арналған монеталар;
      2) белгіленген құн – банкноттардың, монеталардың номиналы бойынша құны;
      3) инвестициялық монеталар – бағалы қымбат металдардан жасалған, инвестициялау және жинақтау объектісі болып табылатын монеталар;
      4) Кассалық операциялар орталығы – Ұлттық Банктің Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы (филиал);
      5) коллекциялық монеталар – арнайы бедерленген, бағалы және сол сияқты бағалы емес металдардан шектеулі таралыммен дайындалған, инвестициялау және жинақтау объектісі болып табылатын мерейтойлық, ескерткіш және өзге де монеталар;
      6) монеталарға арналған арнайы орау – монеталар жиынтығын жасауға арналған капсула, қорапша, термовакуумдық, полиграфиялық, сыйлыққа арналған, альбом орауы және Ұлттық Банктің тапсырысы бойынша басқа орау;
      7) сарапшы (касса қызметкері) – Ұлттық Банк филиалының монеталарға сараптама жүргізуді жүзеге асыратын касса қызметкері;
      8) Ұлттық Банктің Интернет-дүкені – Ұлттық Банк Интернет-ресурсының жеке және заңды тұлғалардың Ұлттық Банк шығаратын, бағалы металдардан жасалған монеталарды сатып алуға тапсырыстарын орналастыруға арналған, бағалы металдардан жасалған монеталар үшін ақы төлеуді жүзеге асыруға арналған, сондай-ақ бағалы металдардан жасалған, сатып алынған монеталарды жеткізуге арналған тапсырысты орналастыруға және бағалы металдардан жасалған монеталарды сатып алуға арналған тапсырыстың жағдайын қарап көруге арналған бөлімі;
      9) Ұлттық Банктің филиалы – Ұлттық Банктің өзінің ережесіне сәйкес бағалы металдан жасалған ұлттық валютаны қабылдауға және сатып алуға уәкілетті аумақтық филиалы.

3. Банкноттарды және айналыстағы монеталарды сату және сатып алу

      5. Заңды және жеке тұлғаларға банкноттарды және айналыстағы монеталарды сатуды, сондай-ақ оларды заңды және жеке тұлғалардан сатып алуды Ұлттық Банктің филиалдары және Кассалық операциялар орталығы жүзеге асырады.
      6. Банкноттарды және айналыстағы монеталарды сату бағасы олардың белгіленген құнына теңеледі.
      7. Банкноттарды және айналыстағы монеталарды сату, сондай-ақ сатып алу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарында заңды және жеке тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу ережесін бекіту туралы» 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 467 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2685 тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарында заңды және жеке тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу ережесінің (бұдан әрі – № 467 Ереже) 16 және 31-тармақтарында көрсетілген құжаттар негізінде жүргізіледі.
      8. Банкноттарды және айналыстағы монеталарды сату және сатып алу кезінде қолма-қол ақшаны қабылдау бойынша кассалық операцияларды жүргізу № 467 Ережеде айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.

4. Инвестициялық және коллекциялық монеталарды сату және сатып алу

      9. Заңды және жеке тұлғаларға инвестициялық және коллекциялық монеталарды сатуды Ұлттық Банктің филиалдары және Кассалық операциялар орталығы қолма-қол ақшамен не қолма-қол емес тәртіппен жүзеге асырады.
      Бағалы металдан жасалған инвестициялық және коллекциялық монеталарды сатуды Ұлттық Банктің Интернет-дүкені арқылы жүзеге асыруға рұқсат етіледі.
      10. Бағалы металдан жасалған инвестициялық және коллекциялық монеталарды сату бағасы Ұлттық Банк Директорлар кеңесінің қаулысымен белгіленеді.
      Бағалы металдан жасалған инвестициялық және коллекциялық монеталарды Ұлттық Банктің Интернет-дүкені арқылы сату кезінде сату бағасына монетаның босату бағасы, сондай-ақ монеталарды жеткізу шығыстары қосылады.
      11. Бағалы емес металдардан жасалған, монеталарға арналған арнайы орауы жоқ коллекциялық монеталарды сату бағасы номиналға тең болады. Бағалы емес металдардан жасалған, монеталарға арналған арнайы орауы жоқ коллекциялық монеталарды сату бағасына монетаның номиналы және монеталарға арналған арнайы ораудың құны кіреді.
      12. Заңды және жеке тұлғалардан инвестициялық және коллекциялық монеталарды сатып алуды Ұлттық Банктің филиалдары және Кассалық операциялар орталығы жүзеге асырады.
      13. Ұлттық Банк филиалының немесе Кассалық операциялар орталығының бағалы металдан жасалған инвестициялық немесе коллекциялық монеталарды қабылдаған сарапшысы (касса қызметкері) Қағидалардың 1-қосымшасында белгіленген нысан бойынша сатып алуға арналған монеталарды қабылдау актісін екі данада жасайды, олардың біреуі Ұлттық Банктің филиалында немесе Кассалық операциялар орталығында қалады, ал басқасы инвестициялық немесе коллекциялық монетаны тапсырған тұлғаға беріледі.
      14. Сатып алу үшін қабылданған, бағалы металдан жасалған инвестициялық немесе коллекциялық монета монета жасалған металды, металдың сынамын және бағалы металдың монетадағы таза химиялық граммдағы салмағын анықтау үшін сараптамаға жіберілді.
      15. Бағалы емес металдан жасалған коллекциялық монеталарды сатып алу үшін қабылдаған кезде төлем қабілеттілігін айқындауды Ұлттық Банктің филиалының сарапшысы (касса қызметкері) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігін анықтау ережесін бекіту туралы» 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 477 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2689 тіркелген) сәйкес жүзеге асырады.
      16. Бағалы емес металдан жасалған коллекциялық монетаны сатып алу бағасы оның белгіленген құнына тең болады.

5. Бағалы металдан жасалған, Ұлттық Банк сатып алатын
инвестициялық немесе коллекциялық монетаның құнын есептеу және
сатып алу сомасын төлеу мерзімдері

      17. Бағалы металдан жасалған, Ұлттық Банк сатып алатын инвестициялық немесе коллекциялық монетаның құнын есептеу Қағидалардың 2-қосымшасына белгіленген нысан бойынша жүзеге асырылады.
      Тиісті қымбат металдардың Лондон қымбат металдар қауымдастығы (LBMA) химиялық таза бағалы металдың бір трой унциясы үшін белгілеген АҚШ долларындағы таңертеңгі фиксингі (бағасы) инвестициялық немесе коллекциялық монетаны сатып алу үшін тапсырған күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалады.
      Теңгенің АҚШ долларына «Қазақстан қор биржасы» акционерлік қоғамының таңертеңгі (негізгі) сессиясында қалыптасқан орташа алынған биржалық бағамы инвестициялық немесе коллекциялық монетаны сатып алу үшін тапсырған күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалады.
      Егер бағалы металдан жасалған инвестициялық немесе коллекциялық монетаның Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес есептелген сатып алу бағасы бағалы металдан жасалған инвестициялық немесе коллекциялық монетаның номиналынан аз болса, сатып алу бағасы бағалы металдан жасалған инвестициялық немесе коллекциялық монетаның белгіленген құнына тең болады. Осы жағдайда бағалы металдан жасалған инвестициялық немесе коллекциялық монетаның төлем жасауға қабілеттілігін анықтау Қағидалардың 15-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
      18. Ұлттық Банк филиалының сараптамасы бағалы металдың және инвестициялық немесе коллекциялық монета жасалған сынамның сәйкес келуін растаған жағдайда, Ұлттық Банктің филиалы инвестициялық немесе коллекциялық монета қабылданған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмейтін мерзімде инвестициялық немесе коллекциялық монетаны тапсырған тұлғаға Ұлттық Банк филиалының еркін нысанда ресімделген сараптамасының қорытындысын жібереді және оған инвестициялық немесе коллекциялық монетаның дизайнында пайдаланылған салынған теңбілдер, орнатулар, жалатулар және басқа да декоративтік бөлшектер құнын қоспағанда, монетадағы бағалы металдың таза химиялық граммдағы салмағына тең соманы төлейді.
      19. Сараптама жүргізуге арналған жабдықтың болмау немесе істен шығу себебі бойынша, Ұлттық Банктің филиалының сатып алынатын инвестициялық немесе коллекциялық монетаға сараптама жүргізуіне мүмкін болмаған жағдайда, олар Кассалық операциялар орталығына өткізіледі. Инвестициялық немесе коллекциялық монетаны сатып алу үшін қабылдаған Ұлттық Банктің филиалы инвестициялық немесе коллекциялық монетаны қабылдаған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмейтін мерзімде инвестициялық немесе коллекциялық монетаны тапсырған тұлғаға Кассалық операциялар орталығының еркін нысанда ресімделген сараптама қорытындысын жібереді және оған инвестициялық немесе коллекциялық монетаның дизайнында пайдаланылған салынған теңбілдер, орнатулар, жалатулар және басқа да декорациялық бөлшектер құнын қоспағанда, монетадағы бағалы металдың таза химиялық граммдағы салмағына тең соманы төлейді.

Қазақстан Республикасы ұлттық  
валютасының банкноттары мен   
монеталарын Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің         
сату және сатып алу қағидаларына
1-қосымша            

Нысан

Монетаны сатып алу үшін қабылдау
АКТІСІ

      _____________ қаласы                  20__ жылғы «___» ________

Осы акт Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
__________________________________________________ филиалының кассирі
      (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
                  филиалдың атауы)
_____________________________________________________________________
               (кассирдің тегі, аты, әкесінің аты)
_______________________________________________ мекенжайында тұратын,
  (жеке тұлғаның не заңды тұлғаның мекенжайы)
байланыс телефоны __________________________________________________,
                                    (телефоны)
_____________________________________________________________________
   (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты не заңды тұлғаның атауы),
_________________________________ жасалған, салмағы ___________ грамм
       (металл және сынам)
_______________________________________________________________ теңге
                    (цифрмен және жазумен)
_______________________________ монетаны қабылдағаны жөнінде жасалды.
(инвестициялық не коллекциялық)

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
филиалының сарапшысы (касса қызметкері)
____________________________________________________ ________________
      (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі             (қолы)
филиалының атауы, кассирдің тегі, аты, әкесінің аты)

Тегі, аты, әкесінің аты не заңды
тұлғаның (оның өкілінің) атауы
____________________________________________________ ________________
     (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты не            (қолы)
       заңды тұлғаның (оның өкілінің) атауы)

Қазақстан Республикасы ұлттық  
валютасының банкноттары мен   
монеталарын Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің         
сату және сатып алу қағидаларына
2-қосымша            

Нысан

Бағалы металдан жасалған, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк
сатып алатын инвестициялық не коллекциялық монета құнының есебі
_____________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі филиалының атауы)
_____________________________________________________________________
(инвестициялық немесе коллекциялық монетаны тапсырған жеке тұлғаның
тегі, аты, әкесінің аты не заңды тұлғаның атауы)
20__ жылғы ____________

Р/с

Бағалы металдың түрлері

Монетаның атауы (инвестициялық, коллекциялық)

Номиналы

Химиялық таза бағалы металдың салмағы, граммен (сараптаманың қорытындысына сәйкес)

Монетаның 1 (бір) граммының құны (теңге, тиын)

Тиісті қымбат металдардың Лондон қымбат металдар қауымдастығы (LBMA) химиялық таза бағалы металдың бір трой унциясы үшін белгілеген АҚШ долларындағы таңертеңгі фиксингі (бағасы)

«Қазақстан Қор Биржасы» акционерлік қоғамының таңертеңгі (негізгі) сессиясында теңгенің шетел валютасына қалыптасқан орташа алынған биржалық бағамы

Бір монетаны сатып алу бағасы (теңгемен бүтін белгіге дейін дөңгелектенген)

Дана саны (сатып алынды)

Сатып алудың жалпы сомасы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11






7*8/31,1034768



5*6


9*10

Жиынтығы











Барлығы:











Ұлттық Банк филиалы
бухгалтериясының қызметкері    ____________ _________________________
                                  (қолы)    (тегі, аты, әкесінің аты)

Ұлттық Банк филиалының
бақылаушысы – касса қызметкері ____________ _________________________
                                  (қолы)    (тегі, аты, әкесінің аты)

Ұлттық Банк филиалының
сарапшысы – касса қызметкері   ____________ _________________________
                                  (қолы)    (тегі, аты, әкесінің аты)



Информация о НПА
Название Опиcание
Вид акта: Қаулы, Қағида
Дата принятия акта: 24.08.2012
Дата регистрации в МЮ: 24.09.2012
Информация об официальном опубликовании акта: "Егемен Қазақстан" газеті 24.10.12 ж. № 696-701 (27773); "Казахстанская правда" от 24.10.12 г. № 366-367 (27185-27186)
Место принятия акта: Алматы қаласы
Номер государственной регистрации НПА в органах юстиции: 7925
Орган регистрации ведомственного акта: Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі
Орган, принявший акт: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Раздел Базы данных: Қаржы
Регион действия: Қазақстан Республикасы
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан: 67856
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом: 255
Статус: Действующий
Сфера правоотношений: Ақша жүйесі және ақша айналымы. Валюталық реттеу. Бағалы қағаздар, Нормативтік құқықтық актілер: дайындау, қабылдау, өзгерту, жариялау, түсіндіру, мемлекеттік есепке алу
Юридическая сила: Министрлік пен ведомствоның актісі